Павлодарда 18 жастағы қыз жолаушылар пойызының төбесінде селфи жасамақ болып күйіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
«18 жастағы қыз денесінің оң жақ бөлігін термиялық күйік шалып, травматикалық шокпен ауруханаға түсті. Белгілі болғандай, ол селфи жасағысы келіп, вагон үстіне шығып кеткен», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бойжеткен Жолқұдық вокзалының маңында электр энергиясынан жарақат алған.
Дәрігерлер оған оң жақ төменгі аяқ-қолын термиялық күйік, денесінің оң жақ жартысы, оң жақ жоғарғы жағы III-IV дәрежелі яғни 50 пайыз күйік диагнозын қойды.
Одан бөлек бас терісінің жартысы жараланған, II-III дәрежелі травматикалық шок алған. Қазір зардап шеккен бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр.