01.05.2022, 20:20

Астанада үсік жүреді

3 және 4 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус суық болады.

Астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, 3 және 4 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.