Оқыс оқиға 30 сәуір күні Жандосов көшесінде болған. Қыз солтүстік бағытта бағдаршамы жоқ жаяу жүргіншілер жолағын кесіп өтпек болыпты.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл оқиға Әуезов аудандық полиция басқармасының тіркеуіне алынды", - деді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.