03.05.2022, 11:20

Ресей Халықаралық ғарыш стансасынан кететін болды

Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин мәлімдеді.

Ресей Федерациясы Халықаралық ғарыш бағдарламасына қатысуын тоқтатады және Халықаралық ғарыш станциясындағы (ХҒС) қызметін тоқтатады. Бұл туралы Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин мәлімдеді, деп хабарлайды Новая газета сайты.

- «Шешім қабылданып қойған, біз бұл туралы ашық айтуға міндетті емеспіз. Бір ғана нәрсені айта аламын - өз міндеттемелерімізге сәйкес біз серіктестерімізді ХҒС-тағы жұмысымыздың аяқталғаны туралы бір жыл бұрын хабардар еттік», - деді Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин.