03.05.2022, 14:20

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы туры кейінге шегерілді

Бұрын сатып алынған билеттер концерттердің жаңа күндеріне жарамды болады.

"Танымал әзілкеш, стендап комик Нұрлан Сабуровтың Қазақстанға жоспарланған "Принциптер" туры белгісіз себеппен кейінге қалдырылды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстанға жоспарланған "Принциптер" туры 2022 жылдың қазан/қарашасына ауыстырылды. Бұрын сатып алынған билеттер концерттердің жаңа күндеріне жарамды болады. Тур туралы ақпарат пен анонс жақын арада сайтта жарияланады", - делінген хабарламада.

Нұрлан Сабуров Instagram парақшасында турдың "оған байланысты емес себептермен" ауыстырылғанын айтты.