$ 494.87  520.65  4.91

«Кейбір қазақ депутаттар қазақ тілі туралы депутаттық сауалды қолдаудан бас тартты» - Қазыбек Иса

Өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілді қолдап, отаншылдық рухын көрсетіп жатқанда, қазақ депутаттардың бұғып қалғаны әрине, өте өкінішті!
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісіндегі 27 сәуірдегі Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, Конституцияның 7-ші бабын өзгертіп, мемлекеттік тілдің статусын жеке дара айқындау, еліміздің ақпарат алаңын шетел телеарналарынан тазарту, біздің елге көршілес елдерден ағылып жатқандарға тосқауыл қою мақсатында Қазақстан Азаматтығын алу үшін қазақ тілі мен ел тарихынан емтихан тапсыру туралы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «Ақ жол» фракциясы мүшесі, ақын Қазыбек Исаның депутаттық сауалын қолдап, 107 депутаттың 38 депутаты қол қойды.

Белгілі журналист Сәуле Мешітбайқызының осы мәселе төңірегінде қойған сауалына депутат Қазыбек Иса былай деп жауап берді.

«Сәуле Мешітбайқызы, дұрыс айтасыз, мен бұларға, «осы қолдайды-ау» деген депутаттардың барлығының телефондарына жеке жазып жіберіп, екі күн күттім. Кейбірі жауап бермей құтылды, кейбір қазақ депутаттар қазақ тілі туралы депутаттық сауалды қолдаудан бас тартты.

Өзге этнос өкілдері Шиповских, Платонов, Смышляева, Ильяс Буларов, Абилфас Хамедов, Қаратаевтардан бастап Мемлекеттік тілді қолдап, отаншылдық рухын көрсетіп жатқанда, қазақ депутаттардың бұғып қалғаны әрине, өте өкінішті!» – деп жазды депутат.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары