04.05.2022, 04:33

Алматыда әйелді таяқпен сабаған ер адамның видеосы тарады

Фото: ашық дереккөз
Кейін кейуананы өзінің ұлы сабағаны анықталды.

Жол бойында сөзге келіп қалған келіншек пен ер кісінің жанжалы бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарт кісіні аяусыз сабаған ер азаматтың әрекеті Іnstagram-да жарияланды. Видеода көше бойында келіншек пен әжейдің жанжалдасып тұрған сәтін көруге болады. Мұнан кейін араға ер адам түседі. Ол қарт кісінің арт жағынан келіп, жерге мойнын бұрай құлатады. Мұнан әрі балдағын тартып алып сонымен сабайды. Тіпті арасында орындық алып келіп, ұрғанын да көруге болады. Көшедегі адамдар ажыратуға тырысқанымен, одан түк шықпады. Ашуға ерік берген ер адам қарт кісіні өлімші етіп ұрып тастаған.

Бейнежазбаға кейуананы өзінің ұлы сабағаны ашық жазылған. 

"Алатау ауданы ПБ қызметкерлеріне құқықбұзушылар әрекетіне баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинап, есепке алу тапсырылды", - делінген қалалық ПД ақпаратында.