Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Гүлжан Алдан Гонконг политехникалық университетінің үздік студенттерінің бірі атанды. Қазір ол университеттің құрылыс ортасы және энергетика департаментінің төртінші курсында оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Гүлжан 2018 жылы Қарағандының Назарбаев Зияткерлік мектебін бітірген. Жақында ол оқудағы ерекше жетістіктері мен университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Үздік студент атағына ие болды. Бойжеткен өз әсері және жоспарлары туралы айтып берді.
«Төртінші курстың басында мен энергия саласындағы зерттеулермен айналысқым келетінін түсіндім, сондықтан бакалавриатты бітіргеннен кейін оқуды PhD in Mechanical Engineering бағдарламасы бойынша жалғастырамын. Әрине, Үздік студент атағы мен үшін үлкен жауапкершілік. Мен қазақстандық оқушыларға бірнеше кеңес бергім келеді. Біріншіден, оқуға және білм алуға бар күшіңді салу керек. Екіншіден, өзіңді басқалармен салыстырудың қажеті жоқ және бір нәрсе болмай жатса, ренжіп, енсеңді түсірмеу керексің. Жұмысты жалғастырып, өз күшіңе сену керек. Үшіншіден, мүмкіндік жоқ жерде өзіңізді сынап көрсеңіз жақсы болар еді. Егер қолыңыздан келсе, сіз өзіңіз қалаған нәтижеге қол жеткізесіз, ал болмай жатса – сізге жоқ деген жауап келер. Ол жасалмаған нәрсеге өкінуден әлдеқайда жақсы», – деді Гүлжан.
Мұғалімдер Гүлжан кез келген ортаның көңілін көтеретін жарқын тұлға және оптимист деп атайды. Мектеп қабырғасында да ол құрдастарынан күрделі мәселелерді шешудің стандартты емес тәсілдерін ұсынумен ерекшеленген көрінеді.
«Гүлжан – ерекше бала. Мені әрқашан оның ойлау логикасы таң қалдырады. Ол әрдайым оқуға жауапкершілікпен қарады. Қорықпай, қиын міндеттерді қолға алды, кейде тіпті қосымша шарттар ойлап тауып, оларды қиындатып жіберетін. Ол жан-жақты дамыған. Әрқашан өз білімін қайда және қандай салаларда қолдана алатынын түсінуге тырысты. Осыны байқаған соң мен оған 2018 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ғылыми білім академиясының «Білім – Образование» журналына бірлескен мақала жазуды ұсындым. Онда ол математиканың қолданбалы сипатын әртүрлі бөлімдерде аша білді», – дейді Қарағандының NIS математика пәнінің мұғалімі Светлана Петерс.