Жаңалықтар 04.05.2022 сағат 10:00

Абсолют чемпион! Қазақ шахматшылары әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды

Бүгін атаулы күн, қазақстандық шахматтың қазынасы марапаттармен толықты.
Абсолют чемпион! Қазақ шахматшылары әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық шахматшылар Грекияда өткен World Youth Rapid Championships турнирінде  5 медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапидтен әлем чемпионы атанған ФИДЕ шебері Қазбек Нөгербек бұл жолы Қазақстан қоржынына блиц шахматтан алтын медаль салған.


Ал блицтен 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында 17 жастағы шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық шебер Назерке Нұрғали алтыннан алқа тақты.

14 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыста күміс жүлде кеше рапидтен қола жүлдегер атанған Даниял Сәпеновке бұйырған.

"Бүгін атаулы күн, қазақстандық шахматтың қазынасы марапаттармен толықты. Кадеттер арасындағы жылдам және өте жылдам шахматтан әлем біріншілігінде қазақстандықтар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Біздің чемпиондарымызды, олардың жаттықтырушыларын, ата-аналарын және олардың табысты өнер көрсетуіне ықпал еткен барша жанды құттықтаймын!" - деді қазақстандық шахмат федерациясының атқарушы директоры Әнуар Исмағамбетов.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар