$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақтелеком» акционерлері дивидендтерін ала алмай жүр

Еске салайық, 12 сәуірде «Қазақтелекомның» акциялары мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.

«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сәуірдің 29-ы күні өтуі тиіс отырыс кворум болмағандықтан (жиналысты құзыретті деп тану үшін жиналыс мүшелерінің саны жеткілікті) 30 мамырға ауыстырылды.

Биыл «Қазақтелеком» ірі акционер – Қайрат Сатыбалдыұлының (акциялардың шамамен 24%-ы) болмауына байланысты бірнеше рет акционерлер жиналысын өткізе алмады. 13 наурызда Антикор оны «Қазақтелекомдағы ақша жымқырды» деген күдікпен ұстаған. Бір күннен кейін Сатыбалдыұлы қамауға алынды.

Айта кетейік, жиында бас компанияның иелеріне тиесілі шоғырландырылған таза кірістің 43,53%-ын, яғни 39,5 млрд теңгені 2021 жылға дивидендтер төлеуге бағыттау мәселесі қаралуы тиіс болатын.

Еске салайық, 12 сәуірде «Қазақтелекомның» акциялары мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары