$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан тарихы бойынша емтихан ауызша тапсырылады

Әр билетте үш сұрақтан беріледі. Максималды ұпай - 30.

Биыл елімізде 155 мың түлек мектеп, сондай-ақ,  267 мыңнан аса оқушы 9-сыныпты бітіреді. 9-сыныпқа арналған ақырғы емтихандар 28 мамыр мен 6 маусым аралығында төрт пән бойынша өтеді. Ал 11-сынып бітірушілері 27 мамырдан 10 маусымға дейін білім деңгейлерін тексереді. 
Биыл Қазақстан тарихы пәнінен емтихан ауызша түрде өтеді. Әр билетте үш сұрақтан беріледі. Максималды ұпай - 30. 

Спикердің айтуынша, соңғы қоңырау әдеттегідей  25 мамырда, ал аттестатты табыстау рәсімі – 16-17 маусымда өтеді. Барлық шаралар мектеп қабырғасында өтеді. 

Гүлмира Каримова бітіру шараларына аниматорларды, мерекелік агенттіктерді шақыруға болмайтынын ескертті. Сондай-ақ, мерекелік дастархан жаюға, автокөліктерді жалға алып, қала аралауға тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға сыйлыққа ақша жинауға, бітіру кештерін мейрамхана мен кафелерде ұйымдастыркға болмайды.  

"Түлектердің қайырымдылық бастамаларына –  "Мектепке кітап сыйла" акциясына, "Мектепке сый" ағаш отырғызу акциясына, әлеуметтік осал топтар мен балаларға көмек көрсету бойынша бастамаларға қолдау көрсетіледі", - деді Гүлмира Каримова.

Биыл Қазақстан бойынша 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектептер жұмыс істейді. Мұндай мектептердің мақсаты - бірінші-сегізінші және оныншы сынып оқушыларының біліміндегі кемістіктерді толтыру. Жазғы мектептерге бару ерікті түрде, таңдау құқығы ата-аналарға беріледі. 

Жазғы мектептерде үй тапсырмалары берілмейді. 

Дереккөз: nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары