$ 494.87  520.65  4.91

«Процесс басталды»: министрлік Тигран Кеосаянға қандай шара қолданатынын айтты

Ол "Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар" деген мағынада үн қатқан болатын.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянды нон грата тізіміне, яғни Қазақстанға келуге тыйым салынған адамдардың тізіміне қосу процесін бастады.

"Сол күні Кеосаянды елімізге кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізіміне енгізу процесін бастадық. Дипломатиялық тәжірибеде кейде мұндайды қолданамыз", - деді Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеген видосы тараған еді. Ол "Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар" деген мағынада үн қатқан болатын.

Сондай-ақ ол Қазақстанда 9 мамырда өтетін әскери шерудіңң тоқтатылуына көңілі толмайтынын айтып, Ресейдің "жауапты тұлғалары" "қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек" екендігін мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары