$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Сатыбалды «Қазақтелекомды» мемлекетке қайтарып беруге даяр

Бұл акцияларды экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере ісі Қайрат Сатыбалдының қарамағындағы Skyline Investment Company S.A және Alatau Capital Investment компаниялары үкіметтен алған болатын.

«Қайрат Сатыбалды акцияларды үкіметке "сыйлауға әзір" екенін білеміз. Сосын үкімет ол акцияларды не "Самұрық Қазынаға", не басқа шешім қабылдайды. Біз үкімет шешімін құптаймыз», — деді Сәтқалиев.

Айта кетейік, үкімет «Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызын мемлекет иелігіне кері қайтару туралы шешім шығарған. Бұл акцияларды экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере ісі Қайрат Сатыбалдының қарамағындағы Skyline Investment Company S.A және Alatau Capital Investment компаниялары үкіметтен алған болатын.

13 наурыз күні Қайрат Сатыбалды «қызмет бабын асыра пайдаланды» және «Қазақтелеком қаражатын талан-таражға салды» деген күдікпен ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алынған. 12 сәуірден бастап, компанияның мемлекет меншігіне қайтарылатыны туралы ақпарат тараған.

Дереккөз: malim.kz 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары