"Өрт сөндіру кезінде 1991 жылы туған ер адам және 1993 жылы туған әйелдің, сондай-ақ төрт жасар екі баланың мәйіті табылды", - деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1964 жылы туған әйел мен оның жеті жастағы немересі өз бетінше терезеден далаға шыққаны белгілі болды. "Өрт 50 шаршы метр аумақтағы пәтерде болған. Алдын ала болжам бойынша, электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған. Жалын сағат 04:50-де өрт сөндірілді. Қазір апат орнында өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметінде.