05.05.2022, 17:40

Анасын соққыға жыққан азамат әйелінің абыройына араша түскен

Фото: ашық дереккөз
Алматы қаласының прокуратурасы егде жастағы анасын ұрған ер адамның оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Алматы қаласының прокуратурасы егде жастағы анасын ұрған ер адамның оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше, ер адам жәбірленушінің ұлы екен. Жанжал қайын енесінің келініне дөрекі сөйлеуінен туындаған.

"Әйелін жақтаған ер адам анасына түрлі дене жарақаттарын келтірген. Алатау аудандық прокуратурасының нұсқауымен 49 жастағы күдікті ұсталды", - деді Алатау ауданының прокуроры Facebook парақшасында.

Ер адам егде жастағы адамға бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана (ауырлығы орташа) зиян келтірді деген күдікке ілінді. Прокурорлар тергеушінің өтінішін қолдады және сот санкциясымен ер адам екі айға қамауға алынды.

Еске салайық, Алматыда егде жастағы әйелді ұрып-соғып жатқан ер адам видеоға түсіп қалған болатын.

Тегтер: соққы Алматы