$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда Александр Невскийге ескерткіш қойылатыны рас па?

Нақты айтқанда, Алматыдағы Жансүгіров даңғылы бойындағы Александр Невский шіркеуі аумағына қойылмақ.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы бірнеше жылдан бері Алматыда Александр Невскийге ескерткіші қойылады екен деген ақпарат айтылып жүрген еді. Ақыры бұл ақпарат расқа айналатын секілді. Қазақстанның митрополиттік аймағының ресми сайтында орыс князы Невскиге ескерткіш қойылатынын туралы ақпарат шықты.

Қазақстанның митрополиттік аймағы сайтында жазылған ақпаратқа сенсек, ескерткіш биыл елімізде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері сиезі қарсаңында ашылатын көрінеді. Нақты айтқанда, Алматыдағы Жансүгіров даңғылы бойындағы Александр Невский шіркеуі аумағына қойылады екен.

Mitropolia.kz ақпаратында былай деп жазылыпты: "Монумент изображает благоверного правителя, облеченного в княжеские одежды, верхом на коне, в характерных ТРАДИЦИЯХ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ – так, как изображают НАРОДНЫХ ГЕРОЕВ КАЗАХСТАНА, БАТЫРОВ. Скульптура раскрывает образ великого князя как молитвенника, дипломата и миротворца. В руках у князя – чудотворный Феодоровский образ Царицы Небесной – его венчальная и келейная икона и великая святыня Православия. Отлитый в бронзе памятник УКРАСИТ СОБОЙ ЮЖНУЮ СТОЛИЦУ; он гармонично впишется в существующий природный ландшафт, подчеркнет красоту храма, образуя с ним единый архитектурно-художественный ансамбль", делінген.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл ескерткіш Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне құрметті қонақ ретінде шақыртылып отырған Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллдің қатысуымен салтанатты түрде ашылмақ көрінеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары