Елордада триатлон паркін аралап жүрген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев белтемірге (турник – ред.) тартылып, сол маңайға жиналған көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
43 жастағы шенеунікке риза болып жатқандар көп.
Турникке 20 рет тартылып, көпшілікті таңғалдырған Дәурен Абаевтың видеосы әлеуметтік желіде таралды.
Бейнежазбадан министрдің физикалық тұрғыдан мықты екенін байқауға болады.