$ 445.66  474.58  4.78

Ресейліктер Әлия Молдағұлованың ерлігіне тағзым етті

Әлия Молдағұлованың ескерткіші 2019 жылы ашылған.

Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының қызметкерлері Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл жайлы ҚР-ның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

Шараға сондай-ақ қала басшылығының өкілдері, жергілікті «Атамекен» қазақ мәдениеті қоғамының мүшелері, Солтүстік астана тұрғындары мен қонақтар қатысты.

Әлия Молдағұлованың ескерткіші 2019 жылы ашылған және Санкт-Петербургтің Красногвардейский ауданындағы №5 үйдің батысындағы қалалық гүлзарлардың бірінде орналасқан. Биіктігі 3 метр қоладан жасалған мүсіндік композиция қызғылт гранит тұғырына орнатылды. 

Ескерткіш Санкт-Петербург қаласы Үкіметінің, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің, Ақтөбе және Атырау облыстары әкімдіктерінің ортақ қолдауларының арқасында қойылды.

Шығармашылық жобаның авторы – белгілі қазақ мүсіншісі Едіге Рахмадиев. Оның айтуынша, Әлияның бейнесіне оның өмір бойы сақталған санаулы және ең жақсы фотосуреттерінің бірін алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары