06.05.2022, 12:40

Алматыда оқушы қыз үйінің ауласында асылып қалған

Фото: ашық дереккөз
Қайғылы оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болған.

Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болған.

«2006 жылы туған мектеп оқушысы өз үйінің ауласында асылып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 105-бабы бойынша тексеріліп жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ведомство өкілі оқиғаның себебі мен өзге де мән-жай анықталып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Петропавлдағы құрылыс-экономикалық колледжінің студенті өзіне қол салғанын жазған болатынбыз.