$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан халқына» қоры тағы бір сәбиге әлемдегі ең қымбат препарат алып берді

Естеріңізге сала кетейік, қор бұған дейін SMA диагнозы бар балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған болатын.

"Қазақстан халқына" қоры Қазақстанда тағы бір сәбидің еміне қаржылай көмек көрсетті. Қор біздің елде тіркелмеген қымбат тұратын "Онасемноген абепарвовек" (Zolgensma) препаратының тағы біреуін сатып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұлын бұлшықеті атрофиясы диагнозы қойылған кішкентай Фирдаус Қайратқа дәрі енгізілді. Қазір балақай анасымен бірге "Ана мен бала" ұлттық ғылыми медициналық орталығында дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Бұған дейін емделушіден биоматериал алынып, балаға арнайы дәрілік өнімді әзірлеу үшін Novartis компаниясына жіберілген. 


Естеріңізге сала кетейік, қор бұған дейін SMA диагнозы бар балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары