$ 498.34  519.72  4.85

Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы құрылды

Жұмыс еліміздің барлық өңірлеріндегі әртүрлі атаулы топтармен жүргізілетін болады.

2022 жылғы 6 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында үкіметтік емес ұйымдардың, ардагерлер қоғамдастығының, түрлі қауымдастықтар мен саяси партиялардың белсенді өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.


Қатысушылар конституциялық түзетулерге және Президенттің бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.


Азаматтық белсенділер өз сөздерінде Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының құрылғанын жариялады.


Штабтың үйлестірушісі болып Қазақстан мәслихаттары депутаттарының республикалық бірлестігі белгіленді. Оның жетекшісі болып – Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев айқындалды.


Брифингке қатысушылар ұсынылған конституциялық реформалардың қабылдануымен елдегі саяси плюрализм мен бәсекеге қабілетті демократиялық ортаны дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалатынына сенімді екендіктерін атап өтті.


Осыған байланысты Республикалық штаб конституциялық реформалардың негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруді ұйымдастырумен айналысады.


Жұмыс еліміздің барлық өңірлеріндегі әртүрлі атаулы топтармен жүргізілетін болады.


Бұл үшін Республикалық штабқа кірген ұйымдардың желілік құрылымын ескере отырып, оның өкілдіктері барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді.


Брифинг барысында Республикалық штабтың қоғамдық күштерге, ел азаматтарына алдағы референдум аясында азаматтық белсенділік танытуға шақырған үндеуі таратылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары