Жаңалықтар 06.05.2022 сағат 20:29

Жаңаөзен мектептерінде оқу процесі тоқтатылды

Барлығы 43 ауланы, төрт көшені, төрт тұрғын үйді, үш мектеп пен балабақшаны су басқан. Оқу процесі тоқтатылды.
Жаңаөзен мектептерінде оқу процесі тоқтатылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жаңаөзенде аулаларды, үйлерді, көшелерді, сондай-ақ үш мектеп пен балабақшаны су басқан. Оқушылар уақытша қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды LADA.kz.

Құтқарушылар су басу жағдайларын жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда, жаңбыр суын сору жүргізіліп жатыр. «Жаңаөзен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Жаңаөзен қаласы өрт сөндіру бөлімінің арнайы техникасын және су сорғыш құрылғыларды жұмылдыра отырып, жаңбыр суын сорып жатыр. Барлығы 43 ауланы, төрт көшені, төрт тұрғын үйді, үш мектеп пен балабақшаны су басқан. Оқу процесі тоқтатылды», - деді облыстық ТЖД-ның жедел кезекшісі Ибрем Байрамов.

Білім басқармасы су басқан білім ошақтарындағы жағдайды айтты. «Толассыз жауған жаңбыр салдарынан балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілері, сондай-ақ мектеп оқушылары оқу орындарына келе алмады», - деп хабарлады ведомстводан.

Жаңаөзен қаласы «Рауан» шағын ауданындағы №22 орта мектеп, Рахат ауылы «Мерей» шағын ауданындағы №9 мектеп, Кендірлі ауылындағы №21, 23 мектептер мен №12 «Рахат» балабақшасын су басқан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар