$ 444.22  476.38  4.82

Шұғыл қызметтерді сынағысы келген елордалық әйел абақтыға қамалды

Шұғыл қызметтерді тексеру үшін Елорданың «Сапаржай» автобекеті жарылатынын хабарлаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 30 шілде күні сағат 13.31-де белгісіз әйел бекетке бомба қойылғандығын айтып, телефон шалған.

«Жарылыс» туралы хабар келіп түскеннен кейін автобекеттің жұмысы тоқтатылған болатын.

«Ғимараттан екі мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, ал оған жапсарлас аймақтан қалааралық қатынасқа шығатын 13 автобус пен 12 жеңіл көлік шығарылды. «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері мен кинологиялық орталықтың қызметтік иттерінің көмегімен ғимарат және оған жапсарлас аймақ жіті тексерілді. Жарылғыш зат табылған жоқ», делінген хабарламада.

Қалалық ІІД таратқан мәліметі бойынша, лаңкестік жайында жалған ақпарат берген Ақмола облысының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен.

— Ұсталған азаматшаның айтуынша, ол автобекет ғимаратында жүріп, лаңкестікке қарсы қорғаныс буклетіндегі көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалған. Осы әрекеті арқылы шұғыл қызметтердің лаңкестік жайындағы ақпаратқа қалай жедел әрекет ететіндігін тексеріп көрмек болған,— деді қалалық ІІБ өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстыіс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматша Астана қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары