$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында 11 жасар бала аттан құлап, мерт болды

Ақкөл ауданында 11 жасар бала аттан құлап, ажал құшты, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Полицейлердің мәліметі бойынша, оқыс оқиға 30 шілде күні Ақкөл ауданының Ерназар ауылында орын алған. Бұл туралы Ақкөл аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне ауыл тұрғындарының бірі хабарлаған.

Тұлпарымен шауып келе жатқан бозбала кенет ат сүрініп кетіп, сол жерде жантәсілім еткен. Кейін белігі болғандай, жазым болған жасөспірім 22 шілде күні осындағы әжесінің үйіне Өрнек ауылынан қонаққа келген екен.

Қазіргі кезде баланың денесі мәйітханаға жіберіліп, соттық-сараптама жұмыстары жүргізілуде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары