Желіде Каспийге қара сұйықтық ағып жатқан видео тарады , - деп хабарлайды Lada.kz.
Теңізге қара сұйықтық ағып жатқан құбыр "Достар" жағажайы мен Keppel-Kazakhstan ЖШС арасында орналасқан.
Кадрлардан қанық қара түсті сұйықтық құбырдан күшті қысыммен ағып жатқанын көруге болады.
Әзірге Маңғыстау облысының Экология департаменті жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.