$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетау дүкеніне жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған адам іздестіріліп жатыр

Тексеру шаралары барысында күдікі жарылғыш заттар табылған жоқ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Көкшетауда дүкенге жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарламадан кейін адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда ер адам хабарласып, жарылғаш зат туралы айтқан.

«Айтылған жерге дереу полиция қызметкерлері, ҰҚК, прокуратура, ТЖД қызметкерлі барып, дүкен орналасқан орналасқан көп қабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялады.Тексеру шаралары барысында күдікі жарылғыш заттар табылған жоқ. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған мәлімет тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, белгісіз адамның жеке басы анықталуда, ол жарылғыш зат туралы жасырын түрде хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары