$ 494.87  520.65  4.91

«Күйеуіңді аттан құлады деп айт»: Бастығынан таяқ жеген жұмысшының әйелі әлімжеттік туралы айтып берді

Бұған дейін Талдықорғанда шаруа мен оның мал шаруашылығы қызметкері арасында жанжал шығып, жұмыс беруші қызметкерін соққыға жыққаны хабарланған еді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

“Время” газетінде Аябек Жолдаханның жұбайы жұмысшы күйеуін жұмыс берушісінің аямай ұрғанын әңгімелеп берген. Оқиға бойынша бастығы жұмысшыны алдымен жол талғамайтын көлікпен қағып, кейін соққыға жыққан, деп хабардлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұмысшы әйелі Нұргүлмен бір ай көлеміне фермада қозы баққан. Басында 120 мың теңге жалақы келісілсе де, бастығы кейін еңбекақыларын бермей қойған.

"Күйеуім шыдамай үй иесін ұрып жіберді, содан төбелес болды", - дейді Нұргүл. Жұмысшылар оларды ажыратып, үй иесін сабырға шақырып жатқан кезде Нұргүл күйеуімен заттарын жинап, кетіп қалған.

Ашулы бастық жұмысшылары үйден алыстамай жатып арттарынан қуған.

"Джип бізді басып озып жеткенде, Аябек бізді жолдан итеріп жіберді. Мен балалармен бірге жол жиегінде қалдым. Күйеуім ұялы телефон камерасына бәрін түсіріп алуымды айтып айғайлап үлгерді. Балаларыммен бірге айқайлап, жылай бастадық", - дейді әйел.

Тағы оқыңыз: «Ағаш таяқпен ұрған»: Алматы облысында фермер өз жұмысшысын аяусыз соққыға жықты

Әйел сол жерде алдымен полицияға кейін жедел жәрдемге хабарласып үлгерген. 

"Болған жайтты хабарлағанымды білген Ержан аға мені балаларыммен бірге күштеп көлікке отырғызып, ес-түссіз жатқан күйеуімді де көтеріп салды. Сөйтіп бізді қайтадан қожалыққа алып кетті", - деп жылады әйел.

“Сол жерде күйеуімді аттан құлап қалды деп айт деп қорқыта бастады. Өмірім үшін қорқып, келістім...",- деді Нұргүл.

Бұрын хабарлағандай ер адам кейін ауруханаға жеткізіліп, оған қабырғасы мен иық сүйегінің сынуы деген диагноз қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары