Қазақстандық автосалондарда көлік тапшылығы шындап байқалуда, деп хабарлайды Atameken Business. Тіпті қолма-қол ақшаға жаңа темір тұлпар алам десеңіз, 3-4 ай күтуге тура келеді. Мәселен, Тараздағы бір мекеменің өзіне 1 мың 500-ге жуық тұрғын кезекте тұрған көрінеді. Отандық автомобильдердің жетіспеушілігіне не себеп?