Жамбыл облысында белгісіз ер адамдар полицейлерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2022 жылдың 7 мамырына қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз бір топ адам полицейлерге шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Патрульдік полиция қызметкерлері Шу қаласындағы вокзал маңында ВАЗ-21014 маркалы автокөлігін мемлекеттік нөмірі болмаған соң тоқтатқаны анықталды.
"Оқиғаның мән-жайы анықталған кезде автокөліктің жүргізушісі мен жолаушылары полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, басқа таныс азаматтармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсетті. Осы дерек бойынша Шу аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі "Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану" бойынша соталды тергеуді бастады", - делінген хабарламада.
Полицейлер қазір заңсыз әрекетке қатысқандар анықталғанын, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық қолданғандар ҚІЖК-нің 128-131-бабы бойынша ұсталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа да деректері тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны айтылды.