Атырауда тағы бір бүлдіршін бұралқы иттен зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 7 мамыр кешкі сағат 18:00 шамасында Азаттық көшесі 149а тұрғын үйінің ауласында болған.
Иесіз төртаяқты 5 жасар қыздың бетін тістеп алыпты. Бала қазір ауруханада.
Жануарға ветеринария басқармасы да, полицейлер де ешнәрсе істей алмайды.
Себебі, заңдағы биылғы өзгеріске сәйкес бұралқы иттерді атуға болмайды.
Еске сала кетейік, өзгеріске қарсы болған жергілікті аналар өткен аптада ғана Ретро саябақта бейбіт митинг ұйымдастырған еді.
Жиылғандар "Ит атуды қайтарсын" деген пікір білдірді. Шеруге шығуға әкімдік қолдау көрсеткен болатын.