Елордада №28 бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы көше шамы бағанына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Осы жайтқа қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті де ресми мәлімет берді.
«7 мамырда Керей-Жәнібек хандар мен Ақмешіт көшесінің қиылысында автобустың жүргізушісі бағдаршамның тыйым салған белгісіне қарамастан қиылысты кесіп өтіп, көше шамының бағанына соғылған», - деп атап өтеді ведомстводан.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, адамдар аман. Қоғамдық көлік жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылған.