Қазақстан Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан алынған құжаттармен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомство әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім еткендей, мұны құжаттанушы, сарапшы Ақмарал Баталовадан тапсырды.
«Бұл мұрағаттық құжаттар 1945 жылдың 30 сәуірінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстаг қасбетіне Жауынгерлік Туды тігу туралы ерлігін растайды. Құжаттардың өскелең ұрпақты Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерлігі мысалында әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеуде маңызы зор», - делінген хабарламада.