$ 449.58  486.94  4.86

Әкімдік "Барыс-Аренадағы" заңсыз ұйымдастырылған концертке қатысты мәлімдеме жасады

Қала тұрғындарын арандатуға ермеуге шақырамыз.

Әлеуметтік желіде 8 мамырда "Барыс Арена" ғимаратында концерт өтетіні туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Концерт жоспарланған жоқ және өтпейді. "Барыс Арена" ғимараты басшылығы, оның ішінде елорданың MTEXmanagement спорттық-мәдени нысандарын басқаратын компания өкілдері де қала тұрғындарына концерт өтетіні туралы ақпарат шындыққа жанайпайтынын айтты", - делінген хабарламада.

"Ұйымдастырушы Марат Әбиев концертті өткізуден бас тарту туралы ресми хабарламаға қарамастан, тұрғындарды алдап, концертке шақыруды жалғастырып, адамдарды шатастырып жатыр! Қала тұрғындарын арандатуға ермеуге шақырамыз. Заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған", - деді әкімдік өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары