Сенбі күні өрт Краснояр өлкесінің жиырма шақты елді мекенін қамтыды. Оның шығуына электр желілерінің үзілуі, қысқа тұйықталу және отты абайсыз пайдалану себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
Өрттің қатты өршуіне екпінді жел ықпал еткен. Желдің жылдамдығы секундына 40 метрге жеткен. «Өрт салдарынан 7 адам қаза тапты, 17-сі зардап шекті. Оның 14-і ауруханаға түскен. Барлық өрт ауыздықталды. Бұл дегеніміз өрттің әрі қарай дамуына қауіп жоқ. Өлкенің 13 муниципалдық ауданында өрт сөндіру жалғасып жатыр», - деді Ресей ТЖМ-нен.
Краснояр өлкесінде өрттен зақымдалған ғимараттардың жартысынан астамы тұрғын үйлер. Барлығы 484 ғимарат зардап шекті. Өртті 814 адам сөндіріп жатыр, 294 техника тартылды.