$ 443.85  474.3  4.8

Ер адам бірден үш әйелге үйленген

Әйелдерінің ең жасы 30-да, үлкені 35 жаста.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Үндістандағы Мадхья-Прадеш штанының тұрғыны бірден үш әйелге үйленді. Бұған дейін олар 15 жыл бірге тұрған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Times of India басылымына сілтеме жасап.

42 жастағы Самрат Мурьяның тойына 6 баласы да қатысқан. Жергілікті дәстүрге байланысты салтанатты мерейтой үш күнге жалғасқан. Әйелдерінің ең жасы 30-да, үлкені 35 жаста. 

Үндістан көп әйел алуға ресми түрде тыйым салынған. Бұған қарамастан кей ауылдарда ер адамдар екі және одан да көп әйелдермен отау құрады. Мурья әйелдерінің бірімен 2003 жылы некелесіп қойған. 

Үйленгендер той жасау туралы шешімді қауымның мойындауына ие болу үшін және ғибадатханаға баруға рұқсат алу және өзге де шараларға қатысу үшін қабылдаған.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары