$ 441.66  475.14  4.86

Табиғи өрттен 7 адам мерт болып, 17-сі зардап шекті

Барлығы 484 ғимарат зардап шекті. Өртті 814 адам сөндіріп жатыр, 294 техника тартылды.

Сенбі күні өрт Краснояр өлкесінің жиырма шақты елді мекенін қамтыды. Оның шығуына электр желілерінің үзілуі, қысқа тұйықталу және отты абайсыз пайдалану себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Өрттің қатты өршуіне екпінді жел ықпал еткен. Желдің жылдамдығы секундына 40 метрге жеткен. «Өрт салдарынан 7 адам қаза тапты, 17-сі зардап шекті. Оның 14-і ауруханаға түскен. Барлық өрт ауыздықталды. Бұл дегеніміз өрттің әрі қарай дамуына қауіп жоқ. Өлкенің 13 муниципалдық ауданында өрт сөндіру жалғасып жатыр», - деді Ресей ТЖМ-нен.

Краснояр өлкесінде өрттен зақымдалған ғимараттардың жартысынан астамы тұрғын үйлер. Барлығы 484 ғимарат зардап шекті. Өртті 814 адам сөндіріп жатыр, 294 техника тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ресей #өрт