Ақтауда алты адам зардап шеккен жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Lada.kz.
Видеодан ВАЗ-21099 жүргізушісі бірнеше көлік мен жаяу жүргіншілерді айналып өтіп, қарсы бетте келе жатқан Toyota Land Cruiser 200 автокөлігімен соқтығысқанын көруге болады.
Еске салайық, жол апаты 7 мамырда сағат 17.30-да 9а шағын ауданында, "H2O" клубына қарама-қарсы бетте болды.
Полицияның мәліметінше, ВАЗ-21099 жол ережесін бұзып алдымен Toyota Camry кейін Toyota Land Cruiser 200 жол талғамайтын көлігімен соқтығысқан.
Жол апатынан алты адам зардап шеккен. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.