Өскеменде 23 жастағы бойжеткен көпірден секіріп кете жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға бүгін таңғы уақытта болған. Көпір арқылы өткен көлік жүргізушілері тосқауылдың арғы жағына өтіп алған қызды көріп, полицияға хабар берген.
Оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер барған. Қыз қолымен тосқауылды ұстап, көпірдің шетінде тұрған. Мамандар онымен сөйлесіп көріп, рациямен қайықты шақырып қойған. Олар ыңғайлы сәтті пайдаланып, қыздың қолынан ұстап қалған. Кейін тартып алған.
Бойжеткенді дәрігерлер алып кеткен.