$ 448.15  483.46  4.86

Қостанайдағы өрт: Қалада төтенше жағдай жарияланды

Бүгін қала басшысы Набережная көшесінде өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қостанайда болған өрттен кейін қалалық деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Марат Жүндібаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Бүгін қала басшысы Набережная көшесінде өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары Ғауез Нұрмұхамбетов, Виктор Ионенко мен Ерлан Спанов та қатысқан. Алдын ала ақпарат бойынша өрт салдарынан 12 тұрғын үй, шаруашылық нысандар, 3 жеңіл және 1 жүк көлігі өртенді.

"Бұл жағдай қалалық ауқымдағы төтенше жағдай деп танылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайды жою жөніндегі қалалық штабтың, сондай-ақ, төтенше жағдай жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Мемлекеттік органдарға зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша жедел жұмысты ұйымдастыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді", - деп жазды Жүндібаев Instragram желіcіндегі парақшасында. 

Бүгіннен бастап өртенген мүліктің құнын анықтау жұмыстары қолға алынады. Оған тәуелсіз сарапшылар да тартылады. Олар қысқа мерзімде қорытынды беруге тиіс.

"Алғашқы қажетті көмек ретінде әрбір отбасына тартылған қаражат есебінен 200 мың теңгеден төленді", - деп атап көрсетті қала әкімі. 

Бұдан бөлек, жұмыспен қамту бөлімі әрбір зардап шеккен отбасыға 70 АЕК (214 410 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге кірісті. Сондай-ақ, азық-түлікпен материалдық көмек көрсетіле бастаған.

"7 оқушы үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылады, кеңсе тауарлары, киім сатып алынады. Сондай-ақ 2 кәмелетке толмаған студент қажетті киіммен қамтамасыз етіледі", - дейді Жүндібаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары