$ 494.87  520.65  4.91

Жәнібек Әлімханұлы 21 мамырда жекпе-жек өткізеді

Жекпе-жек 21 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британдық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 18 КО) арасындағы алдағы жекпе-жектің мәртебесі туралы айтты, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Жекпе-жек 21 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. «Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасындағы алдағы жекпе-жек WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы «уақытша» титулы үшін өтеді», - делінген ұйым таратқан хабарламада.
 
Бұған дейін WBO Әлімханұлын Деметриус Андраде иеленген орта салмақтағы толық WBO титулына міндетті қарсылас етіп тағайындаған, алайда американдық боксшы оны қорғағысы келмей, WBO-ның бұл категориядағы «уақытша» чемпион атағы үшін Зак Паркермен жұдырықтасу үшін екінші салмаққа көтерілді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары