Қостанайда прокуратура қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның мәйіті қала шетіндегі орманнан табылған.Қалалық прокуратура суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
Қайғылы жағдайға қатысты ресми мәліметтер әлі шыққан жоқ.
Тексеру кезінде оның өлер алдында жазған хаты табылған. Хатта мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндірмек болған.
Марқұмның артында әйелі мен кәмелетке толмаған баласы қалды.