"16 мамырда ҰҚШҰ 30-жылдығына орай мүше елдер саммиті өтеді. Саммит аясында ел басшыларының кездесуі де, таңғы ас форматында пікір алмасуы да болады. Кездесу қорытындысы бойынша журналистерге ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась пен Армения премьер-министрі Пашинян ақпарат береді деп жоспарланған", - деді Песков.
Қазіргі уақытта ҰҚШҰ-ға алты ел – Армения, Белрусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей мен Тәжікстан кіреді.