13.05.2022, 13:00

Сатыбалды мен Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты.

Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"2022 жылғы 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты.

2022 жылғы 10 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты", - делінген елордалық сот хабарламасында.