$ 449.58  486.94  4.86

«Шуда 9 жасар екі баланы зорлады деген күдікті мешіт қызметкері емес» – ҚМДБ

Аталған ауыл тұрғынының мешітке кейде келіп жүргені болмаса, мешіттің діни рәсімдеріне қатысы жоқ. Жамбыл облысында мешіт қызметкері ретінде тіркелмеген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында екі жеткіншекке жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппын ұсталған күдіктінің мешіт қызметіне қатысы жоқ, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.

«Жаңалықтарда жасөспірімдерге жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген айыптыны имамның көмекшісі деп жатыр. Күдікті Жамбыл облысы Шу ауданы Бірлік ауылында 1992 жылы дүниеге келген, еш жерде жұмыс істемейді. Аталған ауыл тұрғынының мешітке кейде келіп жүргені болмаса, мешіттің діни рәсімдеріне қатысы жоқ. Жамбыл облысында мешіт қызметкері ретінде тіркелмеген», - делінген ақпаратта.

Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігі мешітке түрлі адамдардың келіп-кететінін еске салады.

«Облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті БАҚ-тың жоғарыда аталған ауыл тұрғынын мешіт көмекшісі деп айтқаны шындыққа жанаспайтындығын мәлімдейді. Нұр-Сұлтан қаласы 2019 жылы 23 қазанда жарық көрген «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері ережесіне сәйкес «мешіт көмекшісі» деген лауазым жоқ», - дейді аталған ведомстводан.

Айта кетсек, кеше Шуда 9 жасар екі балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікті ұсталды. Таратылған ақпаратқа сәйкес, 30 жастағы айыпты 9 жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары