$ 449.58  486.94  4.86

Бірінші сынып оқушысын зорлау оқиғасы: мектеп мұғалімі баланың өзін айыптады

Мектеп мұғалімі баланың өзін айыптап отыр.

Алматыда жеті жасар баланы 7-сыныптың үш оқушысы жабылып, бірнеше рет мектептің дәретханасында зорлаған. Баланың әкесі мұғалім мәжбүрлі түрде баланы сыртқа шығарғанын алға тартты. Алайда мектеп мұғалімі баланың өзін айыптап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Бірінші сынып оқушысына жасалған зорлық-зомбылықтың алғашқы белгілері өткен жылдың желтоқсан айында байқалған.

Жалғызбасты әке оқиғаның жай-жапсарын айтып берді. Айтуынша, 1-сыныпта оқитын кенжесіне 7-сыныптың оқушылары күн көрсетпеген. Ал осыдан бір ай бұрын ұлы мектептің дәретханасында 12 мәрте зорланғанын айтақанда, төбе шашы тік тұрыпты. 

“Мен бұл не деп сұрағанымда, бояу деді. Жұғып қалған бояуды тазалай бастағанда кетпей қойды. Мен бұл бояу емес, шыныңды айт дедім. Ол айта бастады. "Әке, олар мені қорқытады" дейді. Кәрім дегені тапанша алып келіп қорқытады, "ылғи  пышақпен қорқытады" дейді. Сабақ болып жатқан кезде мұғалім оны тек бір өзін жібереді екен. Жаңа жылдан кейін Рамазан мен Кәрім әжетханада осылай істеді деп шынын айтты. Кейін біраз уақыт өткесін, ірі біреуі бар, соны көрсете аламын деді. Оны бір аптадан кейін айтты. Олар – үшеу”, – дейді баланың әкесі. 

Әкесі заттай деректердің бар екенін де алға тартты.

“Біреуі қолымды ұстап тұрады, екінші қолымен көзімді жабады дейді. Сосын бұл әдетке айналған сияқты. Олар мұны 10-12 рет жасаған. Заттай деректер болды, мен барлығын тергеушіге бердім, көйлегі лас болды, шалбарында ұрықтар бар”, – дейді зарда шеккен баланың әкесі.

 

Дегенмен оқу орнындағылар бұл мәлімет шындыққа жанаспайды деп, керісінше, қорлық көрді деген баланың өзін кінәләп шықты.

“Мен бұл баланы білемін. Менің сыныбымда оқымаса да, сырттай білемін. Менің балаларым оған бірнеше рет шағымданған. Ол балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекет көрсетеді. Ресми мәліметтерге сүйену керек. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттар бұрмаланып жазылған. Біз балаларымызды ешқашан қараусыз қалдырған емеспіз. Камерадан барлығын көруге болады”, – дейді  мектеп-балабақшасының мұғалімі Наталья Қанаева.

Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындаған. Тергеу амалдарын жүргізіп жатқан полиция  сараптаманың қорытындысының әлі шықпағанын айтты. Қазір білім ордасының мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарынан жауап алынуда. Тергеу барысын қадағалау үшін процессуалдық прокурор да тағайындалыпты.

“Аталмыш дерек біріңғай тергеу тізіліміне ҚК 121бабының 4-тармағы бойынша тіркелді, тергеу басталып кетті. Бірнеше сараптамалық зерттеулер тағайындалып, олардың нәтижесі бойынша процесуалды шешім қабылданады. ҚК-ның осы нормасы бойынша заң шығарушы орган 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бірақ бұл азамат кішкентай жасөсіпірім балалардан күдіктенеді. Міндетті түрде бұл жәйт есепке алынады”, – дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Білім және ғылым министрлігінің өкілі министрлік мектеп те тексеруді бастайтынын айтты.  

“Біз бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстаймыз. Бүгін профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында "Мариям" жеке ұйымына тексеру жүргіземіз. Баланың отбасына да барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек те көрсетіледі. Тергеу нәтижесіне қарай әрі қарай шаралар қабылданатын болады”, – дейді Бала құқығын қорғау комитетінің өкілі Есенғазы Имангалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары