$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда бірнеше алаяқтық әрекетін жасаған әйел ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы тәртіп сақшылары бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деген күдкке ілінген әйелді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның хабарлауынша, бөлімше бұл әйелден зардап шеккен үш адамның арызын өңдеуде. Біріне әлеуметтік баспана кезегін жылжытып беретінін, екіншісіне банктен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін, ал үшіншісі қылмыстық істің тергеу барысына ықпал ете алатынын айтып қаражат алған. 

"Бұл адамдар алданып қалғандарын түсініп, ішкі істер органдарына жүгінді. Полиция қызметкерлері 1979 жылы туған әйелді ұстады. Тергеу мерзіміне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралады. Сонымен бірге басқа да ықтимал жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Думан Аухадиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары