РОП операторының шоттарын бұғаттаулар жойылды, ендігі жерде жиналған ақша жеңілдетілген автокөлік несиелеріне бағытталатын болады.
Үкімет жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге бөлді.
Қайта өңдеумен айналысқан «РОП Оператор» ЖШС-нің шоттарын бұғаттау тоқтатылып, үкімет ондағы жиналған 200 млрд теңгенің жартысын жеңілдетілген автонесиеге бөлді.
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе қабылданған шаралардың нәтижесінде бұрын бұғатталған «Оператор РОП» ЖШС-нің шоттарынан 198 млрд теңгеге шығарылды. Оның 100 млрд теңгесін үкімет жеңілдетілген автонесие алуға бөлді, ал Қалған қаражат басқа әлеуметтік жобаларға қолданылады, – деді ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.
РОП операторының мұрагері «Жасыл Даму» ЖШС ақшаны екінші деңгейлі банктерге аударады, енді қазақстандықтарға осы қаржы негізінде автонесие алуға болады.
16 мамырда жеңілдетілген автонесие алуға өтініштерді қабылдау басталады. Бағдарлама аясында құны 15 миллион теңгеден аспайтын отандық көліктерді сатып алуға болады.