$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Бір жарым жасқа толмаған қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарт порталы Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның мәліметінше, 15 мамырда сағат 18.17-де Павлодардағы 103 қызметіне қала тұрғындары қоңырау шалып, Толстой көшесі, 90 мекенжайында орналасқан үйдің тоғызыншы қабатынан кішкентай қыз құлап кеткенін айтқан.
 
Дәрігерлер алты минут ішінде оқиға орнында болды. Жедел жәрдем сәбиді шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
 
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген қыз ауруханаға ауыр бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежеде соғылуы, мидың ісінуі диагнозымен түскен.
 
Сонымен қатар 3-дәрежелі кома күйде болған, өкпесіне, бүйрегіне зақым келген, бауыры жыртылған, 3-дәрежелі зақымданудан шок алған, қан ұюы бұзылып, ауыр дәрежеде қаназдыққа шалдыққан.
 
Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары