"Қазақстандық автобизнес қауымдастығы" техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпілов жеңілдетілген несиелендіру бойынша қолжетімді көліктер құнын атады.
Үкімет 100 миллиард теңге бөлген жаңа бағдарлама бойынша жеңілдетілген автокредит белгілі бір көліктерге беріледі. 4%-пен қолжетімді автомобильдердің бағасы 5,9-дан 16,69 миллион теңгеге дейін болады.
Chevrolet Cobalt - 5,99 млн теңгеден 6,49 млн теңгеге дейін;
Chevrolet Cobalt - 5,99 млн теңгеден 6,49 млн теңгеге дейін;
Hyundai Accent - 7,09 млн теңгеден 8,19 млн теңгеге дейін;
Kia Rio - 7,89 млн теңгеден 10,49 млн теңгеге дейін;
Kia Cerato - 9,89 млн теңгеден 12,49 млн теңгеге дейін;
Kia K5 - 12,99 млн теңгеден 15,49 млн теңгеге дейін;
Hyundai Elantra - 9,19 млн теңгеден 13,49 млн теңгеге дейін;
Hyundai Sonata - 12,29 млн теңгеден 16,69 млн теңгеге дейін.
Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 16 мамырда басталды. Оның шарты бойынша кез келген қазақстандық автомобильді жылдық 4%-пен сатып ала алады.
Автокредит 10 миллион теңгеден аспайтын сомаға және 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастапқы жарна 0%-тен басталады. Көлік жалпы құны 15 миллион теңгеден аспауға тиіс.