Жаңалықтар 16.05.2022 сағат 16:20

Текелі тұрғындары тағы көшкін бола ма деп қауіптеніп отыр

Текелі қаласындағы лайды тазалауға 100-ден аса адам жұмылдырылды. Көшкіннен бес тұрғын үй зардап шегіп, бір қыз қаза тапты.
Текелі тұрғындары тағы көшкін бола ма деп қауіптеніп отыр
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Көшкін Қонаев көшесінің бойымен өткен. Жергілікті тұрғындар қалада мұндай жағдай алғаш рет болғанын айтады. Олар көшкін тағы бола ма деп қауіптеніп отыр. 

"Мен бұл қалада 1987 жылдан бері тұрамын. Мұндай көшкінді бірінші рет көрдім, өте қорқынышты. Әлі де қорқып отырмыз. Көшкін қайталаған жағдайда дайын болайық деп құжаттарымыз бен керек заттарымызды дайындап отырмыз", - дейді аты-жөнін жасырғысы келген ақсақалдардың бірі.

Басқа көршілер де осындай пікірде. Алматы облысының әкімдігі тұрғындарға қолдау көрсетіп жатыр. Зардап шеккен үйлердің тұрғындары эвакуацияланды, оларға жаңа баспаналар берілетін болады. Бұл туралы аймақ басшысы Қанат Бозымбаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен әскерилер аумақты тазартып жатыр. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көшкіннің салдарынан бір үй толығымен қирап, екіншісі зақымданған. Сонымен қатар, лай төрт үйдің аумағын басып кеткен. 

Сарапшылар көшкін қайталанбайтынын айтып отыр.

"Алдағы күндері ауа райы ашық болғандықтан бұл жағдай қайталанбайды. Арнайы комиссия кешегі жағдайдың себебін анықтап жатыр. Көшкін екінші мәрте болады деп ойламаймыз. Жағдай толық бақылауда", - деді ведомствоның ресми өкілі Азамат Жұртбаев. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар